Қырғызстанда 47 жастағы ер адамды өлтіріп, өртеп жіберген

/uploads/thumbnail/20170928113106789_small.jpg

Ыстық көл облысында Жеті-өгіз Қабақ ауылында 47 жастағы ер адамды өлтіріп, басына көліктің шинасын тағым өртеп жіберген, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.

21 қыркүйекте белгісіз біреу 47 жастағы ер адамды аяусыз өлтіріп, қылмысын жасырмақ ниетте оның басына көліктің шинасы кигізіп өртеп жіберген.

Ер адамның мәйітін Ан-Остен ауылына жақын маңда көлдің жағалауынан тауып алған. Зерттеу барысында дененің үстіңгі бөлігі жанып кеткендігі белгілі болды. Мәйітті зардап шегушінің туыстар, баласы танып, айтып берген.

Белгілі болғандай, көз жұмған ер адам 1970 жылғы И.Қалыбек есімді азамат екен. Ол таксист болып жұмыс істеген, қызы Дубайда қызмет атқарады екен. Кейбір деректерге сәйкес, Қалыбек өзінің қызына қоңырау шалып, 2000 АҚШ долларын сұраған екен. Осы оқиғадан кейін ер адам дереу жоғалып кеткен.

Мәйіт 21 қыркүйекте табылған, ал 22 қыркүйекте ұлының телефонына әкесінің атынан смс хат келіпті. «Балам мен шұғыл шаруаларыммен Алматыға кеттім. Бір айдан кейін ораламын», - деп жазылған хабарламада.

Қаза тапқан ер адамның әйелі ол уақытта Бішкекте болған. Белгілі болғандай, әйелі Бішкектегі дәмханалардың бірін жалға алып, жұмыс істейді екен.

Қылмыстық іске қатысты тергеу жұмыстары әлі жалғасуда.

Қатысты Мақалалар