Лазарев ауданының тұрғындары үш балл көлемінде болған жер асты дүмпулерін сезген. Жер сілкінісінің эпиорталығы Сочиден 60 км қашықтықта орналасқан тауда болған, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.
Бұл жайында сейсмологиялық орталықтың басшысы Елена Карпович мәлімдеді.
«Таңғы сағат 6:35 шамасында Лазарев ауанында жер сілкінісі болды. Тұрғындар жер асты дүмпулерін сезінген. Жер сілкінісінің эпиорталығы Сочиден 60 км қашықтықта болды», - дейді Карпович.
Оның айтуынша, Краснодар аймағы үшін 3 баллдық жер сілкінісі қалыпты жағдай.
Ресейдің Краснодар аймағының ТЖК баспасөз қызметінің хабарлауынша, жер сілкінісі нәтижесінде жапа шеккендер мен қираған үйлер жоқ.
«Ауданның жағдайын тексеру үшін әкімшіліктің және өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың арнайы тобы аттанды. Белгілі болғандай, жапа шеккендер жоқ», - делінген хабарламада.