Дональд Трамптың кортежі жол апатына ұшырады

/uploads/thumbnail/20170928140711253_small.jpg

АҚШ президенті Дональд Трамтың кортежі Индианаполис әуежайына бара жатқан жолда апатқа ұшырады. Бұл туралы Ақ үй хабарлады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Басылымның мәліметінше, кортежді бастап келе жатқан мотоцикл тізгініндегі полицей рөлге ие бола алмай, құлап қалған. Жарақат алған полицей ауруханаға жеткізілді. Ақ үйдің хабарлауынша, полицейдің тобығы сынған, қазіргі уақытта жағдайы жақсы.

Жол апатынан кейін АҚШ президенті полициямен телефон арқылы тілдесіп, сауығып кетуін тіледі.. Офицердің әріптестерімен сөйлескен кезде Трамптың уайымдағаны білінген. 

Қатысты Мақалалар