Қостанай облысында екі баланың анасы жоғалып кетті

/uploads/thumbnail/20170928150227293_small.jpg

Рудный қаласы ІІБ Қашар ауылының тұрғынына іздеу салды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі  ҚазАқпаратқа сілтеме беріп.

Екі баланың анасы Виктория Курочкина 24 қыркүйекте Қашар ауылындағы үйінен шығып кетіп, оралмаған. Ол 1984 жылы туған. Бойы - 163-165 см, толық денелі, көкшіл көзді. Көзілдірік тағады. Үстінде қара куртка, қара-көк түсті джинс шалбар, қара түсті былғары аяқ киім болуы мүмкін.

Виктория Курочкина туралы әлдебір ақпаратқа ие болсаңыз, мына телефондарға хабарласыңыздар: 8 (71456) 2-75-45 немесе 102.

Қатысты Мақалалар