Астанада ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі аяқталғаннан кейін Қабанбай батыр даңғылы бойынша автобус желілерінің одан әрі тағдыры туралы мәселе шешіліп жатыр, деді елордалық көлік бөлімінің басшысы Бекмырза Игенбердинов. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚазТаг сайтына сілеме жасап хабарлайды.
«Қазір 5 жолақ жасады ... Олар қаладан шығуға арналған 3 жолақ, кіру үшін 2 жолақ. Bus line автобус желісі сақталды, біз талдау жасадық. Бүгінгі таңда онымен 17-ге жуық маршрут өтеді. Қауырт сағаттарда шамамен 150-ге жуық автобус бар», - деді Б. Игененбердинов жұма күні «Нұр Отан» ХДП-ның Астана қаласының көліктік кешенін дамыту жөніндегі партиялық тыңдаулар дәлізінде.
«Біз, әрине, мәселе қаралатын болады деп айттық. Мүмкін, біз бұл Bus line автобус желісін алып тастай алатын шығармыз, мүмкін қалдыратын шығармыз. Әлі күнге дейін белгісіз», - деді Б.Игенбердинов.
Еске сала кетейік, Қабанбай батыр даңғылы «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің нысандары үшін басты жол болып табылады, осыған байланысты жаздың басында Bus Lane арнайы жолағы енгізілді.
Алайда даңғыл жолдың кейбір ерекшеліктеріне байланысты, дәлірек айтқанда жолдың жаяу жүргіншілер жолағы бөлігі де асфальтталғандықтан, елордалық жүргізушілерде Bus line автобус желісі үшін екі жолақ бөлінген деген пікір бар.