Алматыда 80-85 жастағы қариялар қаланың көрікті жерлерін аралады

/uploads/thumbnail/20170930101315401_small.jpg

Алматыда отасқанына 50 жыл толған қариялар қаланың көрікті жерлерінде болды. Жастары 80-85-ке келген Жетісу ауданының тұрғындары ҚР Тұңғыш Президенті паркінде, шаңғы трамплинінде, Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрында, Арбат жаяу жүргін алаңында болды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Бұл шара «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Қарттар күні декадасына орай ұйымдастырылды.

Аудан әкімшілігі қарттар күні мейрамы қарсаңында жасы келген адамдарды қолдау мақсатында кешенді іс шаралар өткізбек.

Қазір ауданда 22 мың зейнеткер тіркелген. Оның ішінде Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан 21 адам, 9 ҰОС ардагері, 1400 соғыс жылдарындағы тыл еңбегі ардагері, 240 саяси қуғын-сүргін құрбаны, 3 концлагерь құрбаны  өмір сүріп жатыр.

Ауданның ең қарт тұрғыны биыл 100 жасқа толды. Ляхович Антонина Петровна 1917 жылы дүниеге келген.  

«Аудан әкімдігі жасы егде тартқан қарт кісілерді құрметтеуге, оларды материалдық және басқалай қолдауға, жалғызбасты қарттарға қол ұшын беруге барынша көңіл бөліп келеді. Атап айтқанда, емханаларда ашық есік күндері, спорттық, қайырымдылық шаралары өтеді. Мерекелік түскі ас өткізіп, азық түлікпен қамту көзделген. Сонымен қатар, ауданда орналасқан кәсіпорындар мен ұйымдар құрметті демалысқа шыққан қызметкерлерін құттықтап, сыйлық таратып жатыр», - деді Жетісу ауданы әкімінің орынбасары Санжар Тоғай.

Қатысты Мақалалар