Көлік құралдары қалалық мектептердің оқушыларын тасымалдау үшін пайдаланылады,― деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Астана әкімдігінің медиаорталығына сілтеме жасай отырып.
ЭКСПО қарсаңында әкімдік көрме кезінде 65 мыңнан астам балғынды тасымалдаған мектеп автобустарын сатып алды. Қазіргі уақытта оларды оқушыларды тасымалдау үшін пайдалану жоспарланып отыр.
«Келесі кесте бойынша жұмыс атқарылатын болады: ата-аналар мектептермен келісім-шартқа отырады, олар өз кезегінде оператормен қызмет көрсету жөнінде келісім жасасады»,― деді "Астана қаласы жолаушылар көлігі басқармасы" ММ басшысы Бекмырза Игенбердинов.