Алматыда «Алматы туры-2017» веложарысы басталды

/uploads/thumbnail/20170930120438870_small.jpg

Алматыда "Алматы туры" бесінші халықаралық веложарысы басталды. Веложарыс биыл екі күнге созылып, екі кезең бойынша өтеді, - деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Осыған дейін халықаралық жарыс "кретериум" жүйесінде өтіп келді. Бұл жүйе бойынша қатысушылар айналма жол арқылы сынға түсетін. Ал биыл велошабандоздар сөреден мәреге дейінгі қашықтықты басып өтеді. Жарыстың бірінші кезеңі 30 қыркүйек күні Астана алаңының маңында, Қазақ-Британ техникалық университеті аумағынан бастау алады. "Қалалық айналым" Төле би, Фурманов, Сәтбаев, Байзақов көшелерін, Абай даңғылын және Желтоқсан көшесін қамтиды. Мәре "Алматы Арена" аумағында болады.

Жарыстың екінші кезеңі 1 қазан күні "Халық Арена" маңынан басталып, велошабандоздар "Шығыс айналма жолы - Әл-Фараби" шеңберімен жүреді. Ал финалдық бөлігі Тұңғыш Президент саябағынан "Медеу" мұз айдынына дейін жалғасып, жеңімпаздар сонда анықталады.

Алматы туры жарысын "QazSport" арнасынан тікелей эфирде тамашалай аласыздар. Сондай-ақ 1 азан күні "Евроспорт" арнасы да жарыстың бірінші күніндегі ең үздік сәттер мен екінші кезеңді көрсететін болады.

30 қыркүйек пен 1 қазанда "Алматы туры-2017" велододасын өткізуге байланысты мегаполистің бірнеше көшесі жабылатындығы жайлы хабарланған болатын. 

Алматыда Орталық Азиядағы ең ірі кәсіпқой веложарыстардың бірі өтеді, "Алматы туры-2017" веложарысынаоған Қазақстаннан, Франциядан, Әзірбайжаннан, Ираннан, Малайзиядан, Өзбекстаннан, Қытайдан, Латвиядан, Украинадан, Жапониядан, Италиядан, АҚШ-тан, Швейцариядан, Германиядан және Ұлыбританиядан спортшылар қатысады. Барлығы 20-дан аса команда. 

Көптен күткен халықаралық кәсіби тасжолдағы веложарыс «Алматы Туры» осы күздің ең басты  оқиғаларының бірі болмақ. Аталмыш шара осы жылы Халықаралық Велосипедшілер Одағы (UCI) регламентіне сәйкес, алғаш рет көпкүндік тасжолдағы веложарыс атағына ие болды.

2013 жылы бастау алған «Алматы Туры» веложарысын ұйымдастыру деңгейі жоғарлады. Біркүндік «1.2» санатты веложарыс болғандықтан, кәсіби командалар қатыса алмаған. Алайда, енді, UCI келісімімен «Алматы Турының» 2014 жылы «1.1» кәсіби веложарыс мәртебесін иеленгені, қатысушылар санын біршама арттырды. Біркүндік халықаралық жарыстың мәртебесін көтеру оңай емес, мұндай үдеріс біршама уақытты қажет етеді, оны қарастыру бірнеше немесе ондаған жылдар уақытты алуы мүмкін. Біз көпкүндік тасжолдағы веложарыс мәртебесін 4 жылдан кейін иелендік, яғни Халықаралық Велосипедшілер Одағы (UCI) біздің велоспорттағы бағытымызды жоғары бағалады.

Осы жылы мерейтойлық бесінші халықаралық кәсіби тасжолдағы веложарыс «Алматы Туры» екі кезең бойынша өтеді – қыркүйектің 30-ы  және  қазанның 1-і. Қатысушылар жалпы 331,7 км қашықтықты бағындырытын болады. «Алматы Турының» бірінші кезеңі ҚБТУ ғимаратының маңында басталады. Қатысушылар Төле би, Фурманов, Сәтпаев, Байзақов, Абай және Желтоқсан көшелерінен «қалалық айналым» өтіп, «Алматы Арена» маңында мәреге жетеді. Екінші кезеңінде  велошабандоздар  «Халық Арена» ғимаратының маңында бастап, «ВОАД-Әл-Фараби»,  Тұңғыш Президент саябағы бойымен өтіп, «Медеу» мұз айдынында  қатысушылар  велобәйгені аяқтады.

Биыл велододаға 20 команда тіркелген,  өткен жылмен салыстырғанда, 6 командаға  артқан.  Осы жылы да дәстүр бойынша  «Алматы  Турыға» қазақстандық кәсіби команда «Astana Pro Team» қатысады. Оның құрамындағы «Алматы Турының» үш дүркін жеңімпазы Алексей Луценко да ел намысын қорғайтын болады. осы беделді. Жерлесіміз  Испанияда жақсы нәтижелер көрсеткен соң, күш жинап, айтулы додаға шет елдерде дайындығын жалғастыруда. 

«Алматы Турын» үш мәрте жеңу мен үшін үлкен мәртебе. Бұл Қазақстанда, Алматыда, өз жерімде өтетін веложарыс, сондықтан да маған артар үміт, жауапкершілік көп. Сондай-ақ, мен үшін бұл  веложарыс  маусым бойы өтетін  ең сүйікті жарысым болып табылады», - дейді Алексей Луценко өз сұхбатында.

Айта кетер жайт, «Алматы Туры» қыркүйектің 28-і  күні велоспорт жанкүйерлеріне және әуесқойларына арналған спринтерлік жарыс,  AstanaProTeam  велошабандоздарымен автограф-сессиясы және түрлі сайыстар бейресми басталды. Ал  қыркүйектің 29-ы  күні командаларды таныстыру рәсімі және веложарыс қатысушыларының ашық жаттығуы өтті.

«Алматы Туры-2017 »  спортшыларды  ерекшелендіретін екі жаңа бірдей жейдеде ұсынады – «таулы» жейде және «үздік қазақстандық велошабандоз» жейдесі.

Қатысты Мақалалар