Алматы облысында көлік апатынан 6 адам қаза тауып, тағы бес адам зардап шекті, ― деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасай отырып.
Жантүршігерлік көлік апаты Бақанас-Қапшағай тас жолының Миялы ауылы маңында болған. Қазір аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-ші бөлігі бойынша іс қозғалып, тергеу басталды. «Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Қажетті медициналық сараптамалардың барлығы тағайындалды. Аталған іс Алматы облыстық анықтау басқармасының қызметкерлеріне тапсырылды», деп мәлім етті облыстық ІІД баспасөз қызметі.
Алматы облысындағы 6 адамның өмірін қиып, 5 адам зардап шеккен көлік апаты кеше кешкісін сағат 19:00-дер шамасында болған.