Жексенбі күні Испанияның Каталония аймағында өткен референдумда тұрғындардың 90,09% тәуелсіздікті қолдап дауыс берген деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі life.ru-ға сілтеме жасай отырып. Бұл туралы автономиялық облыстың женералитет ресми өкілі Жорди Турул хабарлады.
«Дауыс берушілердің тоқсан пайызы Каталонияның тәуелсіздігі үшін дауыс берді», - деп мәлімдеді шенеунік.
Сондай-ақ, саяси шара кезінде 5,3 миллион халықтың 2,3 миллионы дауыс берген. Тәуелсіздік алу туралы бастаманы сайлаушылардың 7,8%- қолдамаған, ал 2%-ының бюллетендері бос болып шықса, 0,89% - бүлінген.
Еске сала кетсек, тәуелсіздік туралы референдум 1 қазанда өтті. Ресми Мадрид саяси шараны мойындаған жоқ және рефрендум кезінде полиция мен тәуелсіздік жақтастары арасында жаппай қақтығыс болды.
Пікір қалдыру