2017 жылы 1 қазанда Қазақстан мен Грекия өз дипломатиялық қарым-қатынастар орнауының 25 жылдығын атап өтті деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі СІМ сілтеме жасай отырып.
Ширек ғасыр ішінде біздің мемлекеттеріміздің қарым-қатынастары теңдік принципі мен өзара құрмет негізінде едәуір дамып, айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді. Елдер арасындағы достық және туыстық байланыстар Қазақстандағы көптеген грек диаспорасы және Грекияда туратын бурынғы біздің азаматтар арқылы өсе тусуде.
Эллада – Қазақстанның еуропалық кеңістігіндегі ескі және сенімді әріптесі. Екіжақты қарым-қатынастарда көпжоспарлы мәдени-гуманитарлық өзара әрекеттестіктің ерекше рөлін атқарады, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық та едәуір нығаяды.
Соңғы жылдары Қазақстан-Грек диалогының арнайы тетіктері күшейді – Экономикалық және технологиялық ынтымақтастық бойынша Үкіметаралық комиссиясы, сондай-ақ Достық Парламенттік тобы.
Біздің елдеріміз ЖЕЭК пен ЕО арасындағы аймақаралық ынтымақтастықтың жаңа нысанын сынақтан өткізуде. Астана мен Афина экономикалық кооперацияға негізделіп, көліктік-логистикалық байланыстарды түйіндестіруде өзара іс-қимылдың елеулі әлеуетінің бар екенін мойындайды.
Қазақстан мен Грекия жаһандық энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен балама энергия көздерін жаппай пайдалануды күшейтуге дауыс беруде. Грекияның халықаралық мамандандырылған «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысуы мемлекеттеріміздің аталған бағытта ортақ ұстанымға ие екенімізді көрсетіп қана қоймай, жасыл энергетика саласында келешегі бар ынтымақтастығы негізінің қалануына жол ашты.
Халықаралық ұйымдар шеңберінде ұстанымдарымыздың ұқсастығын ескере отырып, Қазақстан мен Грекия әлемдік аренада халықаралық қатынастардың одан әрі демократизациялануын қолдап, оны халықаралық-құқықтық нормалар мен өзара құрметтеу қағидаларын күшейту негізінде тұрақтылықты көздейтін өзара әрекеттесуге қадамдар жасауда.
Соңғы жылдары екі елмен біздің қарым-қатынастарымызды сапалы жаңа деңгейге көтеруде қадамдар жасалынуда. Ортақ екіжақты өзара әрекеттестікті одан әрі өрбіту ниеттеріміздің барлығын қанағаттарлықпен атап өтеміз.
Пікір қалдыру