Қырғыз-өзбек шекарасында өткізу бекеті қайта ашылды

/uploads/thumbnail/20171002122801026_small.jpg

Қырғызстанның Жалал-Абад облысындағы қырғыз-өзбек шекарасында "Мәдениет" бақылау-өткізу бекеті қайта ашылды. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі azattyq.org мәліметіне сүйеніп хабарлайды.

Азаттықтың жергілікті тілшісінің хабарлауынша, ашылу салтанатына екі жақтан 300-дей адам жиналды. Ашылу салтанатына Қырғызстан және Өзбекстанның жергілікті билік өкілдері қатысты.

Аталған бақылау-өткізу бекеті 2004 жылы ашылған, бірақ 2016 жылы өзбек тарапы шекараны біржақты түрде жауып тастаған.

Биыл қыркүйекте Жалал-Абад облысы Ала-Бөкен ауданындағы "Баймак-автожолы" мен Ош облысындағы "Достық" бақылау-өткізу бекеттері жеңілдетілген тәртіпке көшкен.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар