Лас-Вегастағы Mandalay Bay казиносының маңында белгісіз біреу атыс ұйымдастырды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Риа новости сайтына сілтеме жасап.
Жергілікті БАҚ деректеріне сәйкес, екі адам қаза тауып, 24 адам жарақат алған.
«Mandalay Bay казиносының маңында орын алған жағдайға байланысты тергеу жұмыстарын бастадық. Мүмкіндігінше бұл ауданға әзірге келмеулеріңізді сұраймыз», - дейді жергілікті полиция.
БАҚ мәліметтеріне сәйкес, белгісіз біреу Mandalay Bay Hotel қонақүйінің балконынан атқан. Ол кантри-музыка фестиваліне қатысушыларды көздеген.
Атыс жайында қаланың өзге аймағының тұрғындары да хабар берген, алайда полиция бұл ақпаратты растамады.
Атыс шығарған қылмыскер қазір жасырынып, қашып жүр.
Аталмыш жайтқа қатысты ҚР Сенат спикері Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter парақшасында пікір білдірді.
«Әлем тым қатігез болып барады. Мұндай жағдайлар, қанды қақтығыстар күн сайын көбейіп барады», - дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Пікір қалдыру