«Mandalay Bay» демалыс орны мен Лас Вегас Стриптегі казино маңында жексенбі күні түнде болған жаппай оқ ату кезінде 50 адам қаза тауып, 400 адам жарақаттанды,- деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Полиция қызметі оқтың демалыс орны ғимаратының 32 қабатынан атылғандығын мәлімдеді. Сол уақытта музыка фестивалі қарсаңында әнші Джейсон Адлеан ән салып жатқан болатын.
Жергілікті полиция мәліметіне сүйенсек, оқ атқан 64 жастағы Стефан Паддок болған. Ол өлтірілді және оның сыбайласы болуы мүмкін деген айыппен Марилоу Дэнли деген әйел күдікті болып отыр.
Қаза болғандардың қатарында полиция қызметкерлері де бар, бірақ барлық жапа шеккендер туралы жеке мәліметтер әлі толық белгілі болған жоқ.