Аэроғарыштық NASA агенттігінің мәлімдеуінше, Қара құрдымды белгісіз бір объект тастап кетті,- деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Америкалық NASA ғарыш агенттігі орбитальдық «Nuclear Spectroscopic Telescope Array» телескопының көмегімен Қара құрдымдардың бірінен белгісіз объектінің аномальдық өзгерісін байқаған. Қара құрдымнан үлкен көлемдегі планетаға ұқсас зат ұшып шыққан.

Бұл мәлімет Қара құрдым тек өзіне жұтып алады, бірақ шығара алмайды деген жалпы теорияға қарама қайшы келіп отыр. Бұрындары айтылып жүрген сенім бойынша, Қара құрдымның тартылыс күші өте жоғары және одан босап шығу тіпті өте үлкен объектіге де қиындық туғызады.
Профессор Фиона Харрисонның айтуынша: «бұл құбылыс адамзаттың барлық ғылыми көзқарасын түбегейлі өзгертіп жіберуі мүмкін».
Қазіргі кезде Қара құрдымның халін өзге астрономдар да бақылап отыр.