Ресейде оқушы қыз педофилден жалаңаш күйі қашып құтылған

/uploads/thumbnail/20171002181824773_small.jpg

Иркутск облысында мектеп оқушысы педофилден қашып құтылған. Қаскүнем 7-сынып оқушысын орманға ертіп барып, шешінуін талап еткен. Ыңғайлы сәтті күткен қыз бала педофилден қашып кеткен. Қылмыскер сол күні-ақ құрықталды.

Аталмыш ақпаратты Ресейдің тергеу комитеті жариялады. Педофилге қатысты адам ұрлау ісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

29 қыркүйекте құқыққорғау органына жасөспірімнің ұрланғаны туралы ақпарат келіп түсті. Тергеушілер 13 жастағы қыздың Ангарск қаласында ұрланғанын анықтады. Ворошилов көшесінде мектеп оқушысын белгісіз біреу күштеп көлікке отырғызып, көлік орманға қарай бет алған.

Діттеген жеріне жеткенде ер адам қыздан шешінуін талап еткен. Педофил басқа жаққа бұрылған сәтте-ақ оқушы қыз қаша жөнелді, әрі мұнысы іске асты да. Полицей қызметкерлері ізін суытпай қылымскерді сол күні ұстады. Ол Ангарск қаласының 35 жастағы тұрғыны болып шықты. Ер адам қаладағы гараж кооперативтерінің бірінен табылды.  

Қатысты Мақалалар