Жалақы рейтінгісі бойынша Қазақстан нешінші орында тұр?

/uploads/thumbnail/20171002184622458_small.jpg

157 мемлекет бойынша жасалған жалақы рейтінгісі бойынша Қазақстан 86 орында тұр,- деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.  Бұл рейтинг «Школа Инвестора» сайтында жарияланған. Осыған сәйкес елімізде орта жалақы мөлшері 480 долларды құрайды. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 339 доллар болған.

Ең бірінші орынды Швейцария мемлекеті иеленді. Ондағы орта жалақы мөлшері шамамен 3855 доллар. Ал Норвегия мен Люксембургте бұл көрсеткіш 3781 және 3565 доллар болып отыр.

Ал ең төменгі орында Зимбабве мемлекеті тұр, ондағы орта жалақы мөлшері небары 21 доллар. Ал Ресей болса, бұл көрсеткіште 69-шы орынға жайғасты, себебі Федерацияда орта жалақы 615 доллар.

ҚР ұлттық экономика Министрлігі 2016 жылы «халықтың қаржылық табысы бағаның өсуіне ілесе алмай қалды» деп мәлімдеген болатын. Ал облыстар бойынша ең төменгі жалақыны Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарының тұрғындары алады. Оған қоса, күн көріс деңгейінен де төмен жалақы алатын азаматтар саны 2,7 %-ға өскен.

Қатысты Мақалалар