Ресей президенті Владимир Путин мен Түркіменстан президенті Құрбаноғлы Бердімұхамедов арасындағы кездесуде олқылық орын алған. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі "УСН 1492"-ке сілтеме беріп хабарлайды.
Түркіменстан президентін Александр Невский орденімен марапаттау кезінде диктор оның тегін дұрыс айта алмай, бірнеше рет қателескен. Диктор президенттің тегін тек үшінші ретінде ғана дұрыс айта алған.
Осыған байланысты Түркіменстан президенті қымсынып, қысылып қалған. Ал Путин болса, Бердімұхамедовке орденді диктордың сөзіне қарамастан жұлқылап таға жөнелген.