Астанада «Тамшыдай еңбегім Тәуелсіздік үшін...» атты шығармашылық кеш өтеді

/uploads/thumbnail/20171003105249348_small.jpg

Қазақтың қилы тағдырын суреттеген, өзі де тағдырлы көштің шетін көрген белгілі жазушы, Қазақстан Жазушылар одағы мен Еуразия жазушылар одағының мүшесі, халықаралық Шыңғыс Хан академиясының академигі Жәди Шәкенұлының "Тамшыдай еңбегім Тәуелсіздік үшін..." атты 50 жылдық мерейтойына арналған шығармашылық кешіне шақырамыз. Кеш аясында жазушының түрік тілінде шыққан "Қаралы көш" романы мен "Жүрек неге жылайды" әңгімелер жинағының тұсаукесер рәсімі өтеді. Салтанатты шараға белгілі жазушылар мен әдебиетшілер, өнер адамдары, сондай-ақ жазушының шәкірттері мен оқырмандары қатысады.

Ұйымдастырушы: Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы.

Өтетін орын: Астана қаласы, Достық көшесі, 11 (Ұлттық Академиялық кітапхана ғимараты).

Өтетін уақыты: 05.10.2017; 15:00

Байланыс тел: 87761311378

Қатысты Мақалалар