Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ президенті Дональд Трампқа Лас-Вегастағы қайғылы жағдайға байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме беріп хабарлайды.
«Біз осынау сын сағаттарда АҚШ халқымен бірге екенімізді жеткізгім келеді. Жеке өзімнің және барша Қазақстан халқының атынан қаза болғандардың туыстары мен жақындарына, сондай-ақ достас Америка Құрама Штаттарының халқына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін», – делінген жеделхатта.