Қырғызстандық депутат: Қазақстаннан әкелінетін ұн денсаулыққа зиян

/uploads/thumbnail/20171003161600255_small.jpg

Ұн – халықтың жиі қолданатын азығы. Нанды тұтынбайтындар кем де кем. Қырғызстан халқын ұнмен қамтамасыз ете алмағандықтан 90% ұнды Қазақстаннан экспорттайды. Қырғызстан парламентінде «елге жеткізілетін ұн заңға сәйкес байытылған ба?» деген мәселе талқыланды. Себебі заң талаптарына сай келмейтін ұн денсаулыққа зиян және көптеген аурудың тууна әкеледі. Жергілікті БАҚ-тың журналисі аталмыш мәселені көтерген Қырғызстан депутаты Экмат Байпакбаевпен сұхбаттасты.

- Экмат Журукбайұлы, Қырғызстан Кедендік одаққа мүше болғалы елге Қазақстаннан  байытылмаған ұн жеткізіле бастады...

- Мен өзім де денсаулық сақтау министрлігінде байытылмаған ұнның экспортталатыны турасында жазылған құжаттарды көріп таңқалдым. Заңды көтеріп едім, ол 2009 жылы қабылданып қойған екен. Ол уақытта комбинаттарға байытылмаған ұнды сатуға тыйым салынған. Заңды бұзғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болған.

- Ол заң қазір жұмыс істемей ме?

- Иә, себебі Кедендік Одаққа мүше болғалы ұнның 90%-ы Қазақстаннан экспортталатын болды. Қазақстандық заңға сәйкес, экспортталатын ұн байытылмайды. Ал Қырғызстан арзан екеніне қызығады да сатып алады. Ал оны халық тұтынады. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сәйкес, Қырғызстанда 2 жылдың ішінде ағзасына темір жетіспейтін адамдардың саны артқан.

- 2 жыл бойы байытылмаған ұнның келетінін ешкім байқамаған ба?

- Мұны ең алдымен үкімет қарауы қажет еді. Депутаттардың мәселені көтергеннен басқа қолынан ештеңе келмейді. Аталған мәселені үкіметке жеткіздік. Олар болса Кедендік одаққа мүше болғандықтан ештеңе істей алмайтынын айтады.

- Қырғызстандағы ұн өндірушілер Қырғызстанды толық қаржыландыра алмайды ма?

- Қазақстандық дәнді дақыл Қырғызстандікімен салыстырғанда сапалырақ екен. Өкінішке орай, біз бүкіл елді ұнмен қамтамасыз ете алмаймыз. Біздің бидайымыз суда өсіріледі. Ал қазақтар суарылмайтын құнарлы жерде өсіреді. Ұнды импорттайтынымыз жақсы, алайда тауардың сапалы болуына жіті мән беруіміз керек. Мәселе ақшада емес. Бұл ретте сіз бен біздің денсаулығымыз маңызды.

- Қажетті заң қабылдасақ, Қазақстан ұнды байытып экспорттайтын бола ма?

- Мен заң қабылдау қажет екенін айтқанмын. Кеден одағына мүше болғаннан кейін ұн бойынша арнайы мамандар жұмыс істей бастайды. Егер экономика, денсаулық сақтау министрлігі мәселенің шешімін таппаса, халқымыз жаппай ауыратын болады. Менің ойымша, үкімет жақын уақытта қажетті шараларды қолданады. Мүмкін Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында арнайы аппарат орнатады.  

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар