Жиында қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы жаһандық факторларды қамтитын өзекті мәселелер, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға қарсы тұру барысында қолданылатын күштер мен құралдардың қазіргі ахуалы талқыланды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
– Біз бүгін еліміздің барлық күштерін түрлі төтенше жағдайларға қарсы тұруға және жұмылдыруға дайындығын талқылайтын боламыз. Сонымен қатар, Қазақстанның Қауіпсіздік кеңесінің рөлі мен мәртебесін одан әрі арттыру жөніндегі мәселелер қарастырылады, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Кеңесте Елбасы «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін өткізу барысында қауіпсіздікті ойдағыдай қамтамасыз еткені үшін құқық қорғау және арнаулы органдардың қызметкерлеріне алғыс айтты.
Жиын қорытындысы бойынша Қазақстан Президенті бірқатар нақты тапсырма берді.
Пікір қалдыру