Голландық психологтар адамның қазіргі жағдайын сипаттайтын тест ойлап тапты

/uploads/thumbnail/20171003183041487_small.jpg

Ұсынылған суреттерді қарап, жаныңызға жылу сыйлайтын бірін таңдаңыз.

1 сурет: Сіз тартымды жансыз. Осы суретті таңдаған әйелдер ер адамдарға, ер азаматтар әйелдерге ұнау үшін барын салады. Әрқашан алға қойған мақсатыңызға қол жеткізесіз. Табиғатыңыздан басқаруды жақсы көресіз. Сонымен қатар, тығырыққа тірелген жағдайда жылдам ойлай білесіз, интеллектуалдық деңгейіңіз де жоғары.

2 сурет: Сіз жылы жүзді, адамдармен тез тіл табыса білетін жансыз. Сіз үшін өмірде жетістікке жету өте маңызды. Барлығы сіздің жетістіктеріңіз жөнінде білгенін қалайсыз. Сізде логикалық ойлау жүйесі жақсы дамыған. Шуды ұнатпайсыз. Көбіне жалғыз қалғанды қалайсыз. Көшбасшылық қасиетіңіз бен іскерлік қабілетіңізбен ерекшеленесіз.

3 сурет: Сіз сырт көзге тұйық мінезді болып көрінуіңіз мүмкін. Алайда шын мәнісінде мінезіңіз мүлде бөлек. Жақын адамдарыңыздың жанында ашыла түсесіз. Жағдайға қарай бейімделе білесіз. Ерекшеленгенді ұнатпайсыз.  

4 сурет: Сіз жеңіл мінезді, кез келген адаммен тез тіл табысып кете алатын қасиетке иесіз. Адамдарға көмектескеннен ләззат аласыз. Құпияны сақтап, дұрыс кеңес бере білесіз. Сіз ұрыс, жанжалдан аулақ жүргенді қалайсыз.

5 сурет: Сіз философиялық деңгейде ойлауға бейімделгенсіз. Сіз мейірімді де данасыз.  Үнемі өзіңізге көңіліңіз толмайды. Сондықтан жақсы жаққа өзгеруге талпынасыз. Кітап, газетті жиі оқисыз. Білімге құштарсыз.

6 сурет: Сіз көбіне сезімдеріңізді сыртқа шығармайсыз. Диалогты дұрыс жүргізе білесіз және пікір таласта тұшымды ойларыңызбен қарсыласыңызды жеңе білесіз. Адамды сендіре білесіз. Өзіңізді қорғай аласыз. Тыныштықты бағалайтын адамсыз.

7 сурет: Сіз өте сезімтал, байқампаз және барлығын жүрегіңізге жақын қабылдайтын жансыз. Жоспарыңызбен бөліскенді ұнатпайсыз. Шығармашылық адамысыз. Сырт көзге біртүрлі адам ретінде көрінесіз.

8 сурет: Сіз рухани, белсенді, мейірімді адамсыз. Ең алдымен әрекет етесіз, одан кейін ғана ойланасыз. Әр күнді өзіңізді жан-жақты дамытуға мүмкіндік ретінде қабылдайсыз.

9 сурет: Оптимист, арманшыл адамсыз. Адамдардан ең алдымен тек жақсыны көруге ұмтыласыз. Сенгішсіз. Достарыңыз көп емес, бірақ бар достарыңыз адал адамдар.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар