3 қыркүйекте Алматы маңында ұшақ құлап, 5 адам қаза тапты. Бұл туралы ҚР ІІД ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов мәлім етті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
«3 қазан 19:15-те Алматы облысы, Іле ауданында Ан-28 маркалы ұшақ құлады. Алдын ала мәлімет бойынша, ұшақ бортында бес адам болған, бәрі қаза тапты. Оқиға орнында 12 адам, Алматы облысы өрт сөндіру қызметінен 3 техника бар. Олар ұшақты сөндіріп жатыр», - деді Иманқұлов.
Кейін экипаж мүшелері анықталды. Олар Әуе кемесінің капитаны Қырғызстан азаматы – Г. Н. Цой, екінші ұшқыш Қазақстан азаматы – Е. Кутафин болған.
Сонымен қатар бортта 2 медицина қызметкерінің болғаны анықталды. Бортта барлығын 5 адам болып, бәрі оқиға орнында қаза тапты.
«АН-28» Польшада 1990 жылы жасалған. Тіркеу нөмірі UP - A2807, ұшу салмағы 5 690 келі.
Айта кетейік, 3 қазанда Алматы-Шымкент бағытындағы Eastwing әуе компаниясының Ан-28 әуе кемесі, санитарлық рейсі сағат 18:47-де Алматыдан 28 шақырым қашықтықта локатордан жоғалып кеткені хабарланған.
Пікір қалдыру