Лас-Вегастағы атыста қаза тапқандардың туыстары үшін $3,7 млн. жиналды

/uploads/thumbnail/20171004082020225_small.jpg

Лас Вегас қаласындағы атыс салдарынан қаза тапқандардың туыстары үшін дүйсеннбіде құрылған көмек қоры $3,7 млн. жинады. Бұл туралы Лас-Вегастағы баспасөз мәслихатында Кларк окгругі комиссиясының төрағасы Стивен Сисолак мәлім етті.

Жергілікті CNN арнасы Сисолактың сөйлеген сөзін көрсетті. Оның айтуынша, жиналған $3,7 млн. қаржыны 47 мың адам аударған. Әрі төлемдердің бірі $500 мың, енді бірі $100 мыңды құраған.

Еске салсақ, жантүршігерлік оқиға Лас-Вегастағы ең үлкен казиноның бірі Мандалей Бэйде болған еді. Деректер бойынша сол жерде орналасқан «Мандэлэй Бэй» қонақ үйінің 32-қабатынан белгісіз біреу музыкалық фестивальге жиналған қала қонақтары мен тұрғындарға оқ жаудырған. Қаскөйдің 64 жастағы Стивен Пэддок есімді жергілікті тұрғын екені анықталды.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар