«Аль-Амак» террористік ұйымы ресейлік екі тұтқынның видеосын жариялады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. «Аль-Амак» агенттігінің мәліметіне сәйкес, террористер екі ресейлік азаматты Дейр-эз-Зора ауданында ұстаған.
Видеодағы ер адамдардың есімдері Заболотный Роман Васильевич және Цуркан (Сурканов) Григорий Михайлович. Бірінің жасы 79-да, екіншісінің жасы – 78-де. ДАИШ содырлары Аль-Шолаға шабуыл жасағанда екеуі лаңкестердің қолына түскен. Сол уақытта Халифатты насихаттайтын қызмет ресейлік генералдың көз жұмғанын және екі әскеридің тұтқынға алынғанын хабарлаған.
Сириядағы жауласып жатқан екі жақты татуластыру орталығының өкілі мен Ресейдің Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Валерий Асаповтың қайтыс болғанын растады, бірақ екі ресейлік әскеридің тұтқынға алынғанын жоққа шығарды. Олардың мәліметіне сай, Ресей азаматтары Заболотный мен Цуркан Ресейдің әскери қызметкерлері емес.
Видеодағы ер адамдардан оларды ұрғанын байқауға болады.
Пікір қалдыру