Том Леффлер Головкин мен Альварес реваншы нақты қашан болатынын айтты

/uploads/thumbnail/20171004112036451_small.jpg

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер Головкин-Альварес реваншы нақты қай күні болатынын айтып өтті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

«Головкин мен Альварестің қайта кездесуін мамыр айында өткізу үшін бар күшімізді жұмылдырып жатырмыз. Өткен аптада мен Канелоның промоутері Эрик Гомеспен кездескен болатынмын. Реванш мамыр айында өту үшін біздің тарапымыздан қажетті нәрсенің бәрін жасаймыз, себебі бұл бүкіл әлемдік деңгейдегі оқиға. Канеломен болатын реванш жекпе-жек Геннадий Головкин үшін приоритет, сондықтан да Альварес те бұл реваншты өткізуді қалап отыр деп үміттенеміз. Егер, келіссөздер сәтті өтсе, жекпе-жек 5 мамырда Синко де Майода өтеді», - деді Леффлер өз сұхбатында.

Естеріңізге сала кетсек, Головкин-Альварес жекпе-жегі тең есеппен аяқталған болатын.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар