Мамандар аңызға айналған басылымның негізін салушы Хью Хефнердің неден қаза тапқанын анықтады, -деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Батыс басылымдарының мәліметінше, Хью Хефнердің жүрегі тоқтап қалған және оның өкпе ауруы болған.
Хефнердің соңғы сағаттарын жақындатқан тағы бір себеп оның асқазан талшығының инфекциясы қанға сіңіп кеткендігі. 91-ге келген ер азаматтың ағзасын қорғау күші ешқандай дәрі-дәрмекті қабылдамай қойып, өлім жағдайына әкеліп тіреген.
Оның өлім құжатындағы «мамандығы» жолағында: «Playboy-дың негізін салушы» деп жазылды.
Lenta.ru сайтының хабарлауынша, Хефнердің әйелі Кристал Харрис оның дүниесін иелене алмайды. Өйткені Хефнердің өсиетінде оның мүлкі балалары: Кристи, Дэвид, Марстон және Куперге беріледі. Ал қалған бөлігі Оңтүстік Калифорния Университетіне және басқа да мейірімділік қорларына беріледі.
Естеріңізге сала кетейік, Хефнердің өлімі туралы 28 қыркүйекке қараған түні белгілі болған.
Пікір қалдыру