Пенсильвания штатының жасанды түсік тастауды жиі сынға алып, оған қарсы болып жүрген Конгресс өкілі, Тим Мерфи, өзімен бірге болған әйелден баласын алып тастауды сұраған,-деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
65 жастағы өзінің үлкен қызына үйленген Тим Мерфи басқа бір әйелмен көңіл қосқан. Көңілдесінің есімі Шэннон Едвардс. Ол өткен айда Мерфи екеуінің арақатынасы үзілгенін айтқан болатын. Олар Конгресс өкілі, Тим Мерфимен өткен жылы психикалық денсаулық туралы заңнамаға ерікті болып жұмыс істегенде танысқанын.
Қаңтардың 25-сіне Едвардс өзінің аяғы ауыр екендігін Мерфиге айту үшін телефонынан хат жолдаған. Ал Мерфи мырза болса, аяғы ауыр болып қалған көңілдесіне баланы алып тастауды бұйырған.
The Post-Gazette басылымының мәлімдеуінше, Мерфи мырза өзінің жеке басының құпиясы жарияланғанын білгенде, ол хатты өзі емес оның қызметкерлері жолдады деген позицияны ұстана бастаған.
3 қазанда Мерфи мырза бала пайда болғаннан бастап 20 апта өткен кезде түсік жасауды «қылмыс» деп танитын заң жобасын қолдайтынын айтып, даусын берген болатын. Өкілеттілер Палатасы бұл Республикалық заңнамаға ресми түрде қол қойды.
Ал Мерфи мырза болса өзінің көңілдесіне жазған хатын мойындамай, ары қарай да түсік тастауға қарсы қозғалыстардың жақшысы болып жүре бермек.
Пікір қалдыру