Дабылды ескерту: 3 облыста ауа температурасы -3 градусқа дейін төмендейді

/uploads/thumbnail/20170902114042518_small.jpg

«Қазгидромет» РМК 4-5 қазанда күн райының бұзылуына байланысты еліміздің үш облысында ескерту жариялады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

4-5 қазан түнде Қызылорда облысының кей жерлерінде ауа температурасы -3 градусқа дейін төмендейді. 4 қазанда батыстан, солтүстік-батыстан соғатын 15-20 м/с екпіндегі жел сақталады.

4 қазан  Қостанай облысының кей жерлерінде тұман болып, 15-20 м/с жылдамдықта жел күтіледі.

4-5 қазанда түнде Оңтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын болады. Таулы аймақтарда қатты жауатын жауынның соңы қарға ауысады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с-қа жетеді. Ауа температурасы кей жерлерде -3 градусқа дейін төмендейді.

Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90-95%.

Қатысты Мақалалар