Заманауи АҚШ тарихында болған қанды оқиғадан кейін шетелдік туристердің Лас-Вегасқа келмей қалуы бүгінде ең өзекті сұраққа айналып отыр,-деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
15 миллионға жуық адам қала мейрамханалары, құмар ойын орындары мен барларда нәпақасын тауып отыр. Олардың айлығы жылына 43 миллионға жуық келіп-кететін, әрбір 5-ші шетелдік азамат арқасында төленіп отыр. Басқаша сөзбен айтқанда, АҚШ-қа келетін шетелдік 10-шы туристің 1-уі Лас-Вегасқа келеді. ForwardKeys туризм агенттігі басшысы Оливер Джагер: «Лас-Вегас туризмінің қалпына келу уақыты БАҚ құралдары бетіндегі қауіпсіздіктің күшейгендігі туралы ақпараттың көбейгендігіне байланысты болады»,-дейді.
Туризм саласы мамандарының айтуынша, американдықтардың өздері Лас-Вегасқа оқ атқан қылмыскердің жалғыз және террористерге қатысы жоқтығын білгендіктен келе беруін тоқтатпайды. Сондықтан, халық болашақта мұнда террорға қатысты оқиға болатындығына сеніңкіремейді.
Әлемдік Саяхат және Туризм Елшілігі: «Саяхатшылар белгілі бір жерге байланысты біріңғай қылмыстарға аса қатты мән бермейді. Әрине, бұл оқиғаның өте қайғылы болғанын ұмытпаймыз және саяхатшылар болашақта да Лас-Вегасқа келуді тоқтатпайды »,- деген ойда.
«Дегенмен, халықаралық саяхатшылар үшін бұл оқиға маңызды болуы мүмкін, өйткені олар АҚШ-та жиі орын алатын атыстардан қорқады»–дейді «Off On Vacation» туристік компаниясы бар Диана Бин.