Ресейдің НТВ арнасында КСРО-дағы әйелдерге арналған Ақмола лагері жайында жаңа телехикая жарық көрмек,-деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы қоғаммен байланыс маманы Ерлан Бұхарбаев өзінің Facebook парақшасына жазды. Отанын сатқандардың әйелдеріне арналған Ақмола лагері турасындағы драмалық телехикаяда тұтқын әйелдердің тағдыры баяндалады.

Басты рөлдердің бірінде қазақстандық өнерлі жас актриса Дина Тасбулатова бар. Одан басқа рөлдерді: Екатерина Гусева, Дарья Екамасова, Кирил Плетнев және Наталья Аринбасаровалар сомдайды.

Телехикая желісінің авторы Олег Сироткин, Мариэтта Захарян және Наталья Будкина. Бұл телехикая Киноград кинокомпаниясының 2017 жылғы туындысы.