Бейсенбіге арналған ауа райы болжамы

/uploads/thumbnail/20171005082624164_small.jpg

Бүгін Қазақстан территориясының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы жауын-шашынды болады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Қазгидрометке сілтеме жасай отырып.

Тек елдің батысында ауа райы жауын-шашынсыз. Кей жерлерде тұман, желдің күшеюі, солтүстік, солтүстік батыста көктайғақ болмақ.

Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, түнде Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болады.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде көктайғақ, тұман, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға жетеді. 

Қостанай облысында түнде кей жерлерде көктайғақ, тұман болады деп болжанады. Қарағанды, күндіз Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға жетеді.

Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде жел 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.  

 

Қатысты Мақалалар