Қытайдың оңтүстік аумағына метеорит құлады (видео)

/uploads/thumbnail/20171005091624678_small.jpg

Қытайдың оңтүстік аумағына метеорит құлады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі  ҚазАқпаратқа сілтеме жасай отырып.

Қытайдың оңтүстігіндегі Юньнань провинциясына түнгі уақытта шағын көлемдегі ғарыш денесі құлап, түнді жарықтандырып жіберген.

NASA-ның айтуынша, метеорит жергілікті уақытпен 4 қазанда Юньнань провинциясы Шангри-Ла ауданының батыс солтүстігінен 40 километр жерге құлаған. Астероид 14.6 км/секунд жылдамдықпен атмосфераға еніп, жерге 37 километр қалғанда 540 тонна ТНТ қуаттылықта жарылыс жасаған.

Қытайлық БАҚ-тардың айтуынша, оқиғадан жергілікті тұрғындар зардап шекпеген.

 

Қатысты Мақалалар