Доллар бағамы жылдық рекордқа жеткелі отыр

/uploads/thumbnail/20171005123132170_small.jpg

Доллардың орташа бағамы бүгін 344,88 теңгеге жетті,-деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агентігі.

Бүгін Қазақстандық KASE қор биржасының таңғы сессисында доллар бағамы 344,88 теңгені құрады. 4-ші қазанда 343,21  теңге болған доллар 5-ші қазанда бірден 1,67 теңгеге өскен.

KASE қор биржасының мәліметінше, доллардың саудаласқандағы ең төмен құны 343,90 теңге болса, максималды бағасы 345,37  теңгені құрап отыр. Доллар саудасы 120 млн. 850 мың долларды құрайды. Бұл валютамен жасалған операциялар саны 230-ға жеткен. Астанада доллардың минималды бағамы 347 теңге болса, Алматыда 346,5  теңге болып тұр.

АҚШ долларының ресми бағамы Қазақстанның қор биржасының екі сессиясынан кейін ғана бекітіледі.

Қатысты Мақалалар