Сирия аумағының 90%-ы террористерден босатылды

/uploads/thumbnail/20171005125232413_small.jpg

Бұл жайында ТМД елдері арасында құрылған антитеррорлық орталықтың басшысы генерал-полковник Андрей Новиков мәлімдеді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Риа новости сайтына сілтеме жасай отырып.

«Әскери есептеулерге сәйкес, Сирия елінің 90% аумағы террористік топтардан босатылды. Бұл өте маңызды әрі жақсы нәтиже болып табылады», - дейді Андрей Новиков.

Айта кетер болсақ, Сирияда қарулы қақтығыстар 2011 жылдың наурыз айынан бастап жалғасып келеді. Аталмыш елдегі келеңсіздіктерді тоқтатуға байланысты келіссөздер Астана мен Женева қалаларында болып отырады.

 

Қатысты Мақалалар