ТМД елдері үшін террористік қауіп деңгейі әлі де жоғары

/uploads/thumbnail/20171005143843796_small.jpg

ТМД елдері үшін террористік топтар тарапынан келетін қауіптің деңгейі әлі де жоғары болып тұр. Бұл жайында Антитеррористік орталықтың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Бакуде ТМД елдерінің қауіпсіздік қызметінің әр аймақ басшылары, құқық қорғау қызметкерлері қатысқан жетінші аймақтық сараптамалық консультация өтуде. Сонымен қатар, Әзірбайжан елінің Қауіпсіздік қызметінің қолдауымен құрылған Антитеррорлық орталықтың кеңейтілген жиналысы болып жатыр.

«Сарапшылардың айтуынша, ТМД елдері үшін террористік қауіп деңгейі сейілген жоқ. Бүгінгі таңда түрлі ұйымдар жастарды террористік топтарға шақыру үшін интернет-ресурстарды кеңінен пайдалануда. Сонымен қатар, оларға қарсы күш жұмылдыру үшін де ғаламтордың пайдасы көп», - делінген баспасөз хабарламасында.

Антитеррорлық орталық жүргізген сараптама нәтижесіне сәйкес, ТМД елдерінде қол жеткізуге тыйым салынған ресурстардың 90%-ы ТМД елдерінен тыс жерлерде орналасқан.

Қатысты Мақалалар