Ливияда лаңкестер Мисрата қаласындағы сот ғимаратына шабуыл жасап, 3 адам қаза тапты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме беріп. Тағы 35-і жараланды. Куәгерлердің айтуынша, кешеннің ауласына содырлар көлікпен кіріп, бір лаңкес өзін жарып жіберген. Ал екеуі автоматтан оқ жаудырған. Атыс кезінде лаңкестердің көзі жойылды.
Шабуылды «Ирак және Левант» лаңкестік ұйымы мойнына алған. Әскерилер лаңкестер бұл шабуылды Мисрата жасақтарының Сирт қаласын азат ету операциясына қатысқаны үшін жасауы мүмкін дейді.
Айта кетейік, Ливияда Муаммар Каддафи билігі құлағаннан кейін елдің аумағы бөлшектеніп, түрлі қарулы топтар көбейді. Ал ел астанасы Триполи аймағы халықаралық қауымдастық таныған Фаиз Сарадж басшылық ететін Ұлттық келісім үкіметінің бақылауында. Бірақ бұл үкіметтің билігі тек осы аумақпен ғана шектеліп отыр.