Бауыржан Байбек алматылықтардың ерекше қасиеттеріне тоқталды

/uploads/thumbnail/20171005164252672_small.jpg

Алматы қаласында «Almaty Invest 2017» Халықаралық бесінші инвестициялық форумы өтті, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Алматы әкімі Бауыржан Байбек Алматы қаласын туристер үшін ең жайлы қала деп атады. Бұл туралы Бауыржан Байбек Алматы қаласының бесінші инвестициялық форумында мәлім етті.

Әкімнің айтуынша, осы жылы қалаға туристердің келуі 2 есеге ұлғайған, ал қазақстандықтар арасында Алматы қаласына келушілердің саны 37%-ға артқан. Жалпы туристер қалаға қызығушылық таныта бастады.

«Алматының тұрғындары өте белсенді. Тіпті кейбір зерттеулердің нәтижесіне сүйенсек, Алматыда ең көңілді, ақжарқын адамдар тұрады. Тұрғындардың мейірбандығының арқасында қалаға әр жыл сайын туристер ағылып келіп жатады. Алматы – Қазақстандағы табиғаты жағынан да ерекше қалалардың бірі. Туристердің көптеп келуіне қала табиғатының да әсері мол. Көктемнің алғашқы күндері таңға жуық шаңғы теуіп, күндіз гольф ойнап, кешке заманауи балетке баруға болады. Алматы – мүмкіндіктер қаласы. Алматылықтар ақша табуды да, демалуды да, жайлы өмір сүруді де жақсы біледі», - деді Байыржан Байбек.

Айта кетер болсақ, форум бағдарламасында логистикаға, білімге, тамақ өнеркәсібіне және киноиндустрияға арналған 4 секцияның көзделген. Бұл салалар қарқынды түрде дамуда және инвестициялар салудың келешегі зор салалары болып есептеледі.

Сонымен қатар, бұрын өткен форумдарда 7,7 млрд. теңгенің 5 жобасы қазіргі кезде іске асырылып, 1230 жұмыс орны құрылғандығы белгілі болды.

Алматы қаласы Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Мақсат Қиқымов «Almaty Invest» жыл сайын өзінің алаңында беделді саясаткерлерді, әлемдік және отандық бизнес көшбасшыларын, инвестициялық корпорациялар, қаржы институттары және халықаралық ұйымдар басшыларын жинайтынын жеткізді.

Осы жылғы форум жұмысына әлемнің 28 елінен келетін 500-ден астам делегат қатысып, іс-шараны қазақстандық тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдарының негізін қалаушылардың бірі бизнесмен Арманжан Байтасов жүргізген болатын. Форумның басым міндеті шетелдік инвесторларды тарту, сондай-ақ іске асырылған жобалармен қатар, инвестициялар салуды қажет ететін келешек жобалардың тұсау кесерін көрсету болып есептеледі.

Сонымен қатар, «Land Master Co., Ltd» Оңтүстік Корея компаниясымен 10 мың түп көшет отырғызылды, көшеттік ашылды, Moskva Metropolitan сауда орталығының 2-ші кезегі іске қосылды.

Форум шеңберінде Алматы қаласының инвестициялық мүмкіндіктер, жобаларды қаржыландырудың жана тетіктері ұсынылды. Сондай-ақ, көліктік-логистикалық инфрақұрылымды, ұлттық инновациялық жүйені, туризмді және жасыл экономикаға көшудің негіздерін дамыту мәселелері талқыға салынды.

Форум барысында бірлескен жобаларды іске асыру және тиісті келісімдер жасауда бизнес өкілдері мен инвесторлардың өзара іс-әрекет жасауы үшін алаң құрылатындығы жайында айтылды.

Қатысты Мақалалар