Өзге ғаламшарлықтардың шабуылын болжаған американдық адамдарды құтқармақшы

/uploads/thumbnail/20171005193154739_small.jpg

АҚШ-тың Каспер қаласында полиция өзге ғаламшарлықтардың шабуылын болжап, адамдарды құтқарғысы келген ер адамды тұтқындады. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі Лента.ру-ға сілтеме жасап хабарлайды. Брайант Джонсон тәртіп сақшыларын үйіне өзі шақырған. Ол өзінің 2048 жылдан келгенін және 2018 жылы өзге ғаламшарлықтардың шабуылы болатынын ескерткісі келетінін жеткізген. Адамдардың тез арада эвакуациялануы қажет екенін айтқан.

в

Оның айтуынша, өзге ғаламшарлықтар оған алкоголь беріп арнайы үстел үстіне тұрғызып 2017 жылға жіберген. Америкалық азамат 2018 жылдың орнына 2017 жылға келгенін айтып тез арада қала басшысымен сөйлесу керек болған  соң полицияға хабарласқанын айтқан. Жергілікті тәртіп сашылары ер адамды ішімдікке болашақта емес осы қазіргі уақытта сылқия тойған деп есептеп оны  қамауға алған.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар