Toyota мен Ұлттық паралимпиадалық комитет паралимпиада спортын дамытпақ

/uploads/thumbnail/20171006131757764_small.jpg

Қазақстандағы «Тойота Мотор Қазақстан» және Ұлттық паралимпиадалық комитет өзара келісімшарт жасасты.

forbes.kz

Танымал көлік бренді Toyota Қазақстанның Ұлттық паралимпиадалық комитетіне паралимпиадалық спортты дамытуға және құндылығын арттыруға үлесін қосуға дайын,-деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Басты міндет қазақстандық мүмкіндігі шектеулі атлеттерге күш-жігер беруге мүмкіндік жасау.

Бұл «Тойота Мотор Қазақстан» тәжірибе жүзінде көптеген ақпараттық мен паралимпиадалық ағымдарды қолдап, спортшылардың тек кәсіби жетістіктері ғана емес, олардың жеке өміріндегі ауыр сындардан өтуі мен жетістіктері жайында айтылатын шараларға белсенді ат салысу.

2018 жылы Пхенчханда өтетін қысқы және 2020 жылы Токиода өтетін жазғы паралимпиадалық ойындар мен басқа да 2024 жылға дейінгі халықаралық сайыстарда Toyota ҰПК-тің қазақстандық брендті танытуына ат салысады.

forbes.kz

Еліміздегі «Тойота Мотор Қазақстанның» Президенті Кит Мэтью Симмонс: «Біз барлық азаматар тең құқыққа ие бола алатын қоғам жасағымыз келеді. Мобильділік дегеніміз тосқауыл емес, армандарды іске асыратын мүмкіндік екендігін дәлелдегіміз келеді. Қиын кезеңдерде спорт адамды мықты болуға тәрбиелейді. Ол бізге қанат беріп, барлығымызды ортақтастырады. Паралимпиадалық спорт қозғалысының атлеттері батырлық пен жігерлік танытып, барлық нәрсенің іске аса алатындығын көрсетіп жүр.  Паралимпиадалық қозғалыс қоғамдық сана мен спортты байланыстыратын көпір және біздің ҰПК-пен бірігуіміз қоғамның дамуына үлес қосады деген үміттеміз».

Ұлттық паралимпиадалық комитеттің Президенті Қайрат Боранбаев болса: «Біз Toyota компаниясымен бірге жұмыс жасайтындығымызға қуаныштымыз. Бұл компанияның «әлемді барлық адам үшін жақсарту» деген мақсаты паралимпиадалық комитеттің көксегенімен сәйкес келеді»,-деді.

Сонымен қатар, Қайрат Боранбаев өз серіктесінің комитет ісіне белсенді ат салысып отырғаны үшін алғысын білдірді.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар