Назарбаев пен Путиннің келесі кездесуі Сочиде болады

/uploads/thumbnail/20171006150151128_small.jpg

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Ресей  Президенті Владимир Путинмен Сочиде кездеседі,-деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы сыртқы істер министрі Сергей Лавров мәлімдеген болатын.

Ресейдің сыртқы істер министрі қазір Астанада ресми сапармен жүр. Ол өзінің Қайрат Әбдрахмановпен болған кездесуінде «Қазақстан мен Ресейдің стратегиялық қарым қатынасы мен бірігіп жұмыстар атқаруының себепкері екі ел президенттерінің үлесі» деп атап өтті.

Сергей Лавров: «Назабаев пен Путиннің жақын арадағы кездесуі Сочиде жоспарланған. Онда бүкіл ТМД елдерінің және Жоғарғы Еуразиялық экономика кеңесі басшыларының кездесуі өтеді»,-деді.

Кремль баспасөз хатшылығының хабарлауынша, Сочидегі кездесу үстіміздегі жылдың 11 қазанына жоспарланған.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар