Бильярдтан Мұрат Шаймаран атындағы республикалық турнир өтті

/uploads/thumbnail/20170708161022145_small.jpg

Спорттағы ең бекзат өнердің бірі бильярдтан белгілі ақын Мұрат Шаймаран атындағы республикалық турнир өтті. Турнирде ақынның қаламдас достары, алдыңғы буын ағалары мен сөз өнерінде Шаймаранұлының жырын жаттап өскен ақын, жырсүйер інілері бас қосты.

10818643_335084726697077_1120940047_n 10850492_335084693363747_377885150_n 10877795_335084683363748_364981739_n

Шараға ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Жәркен Бөдешұлы, ақын, «Қаламгер-Медиа» орталығының директоры Жанарбек Әшімжан, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Бақыт Беделхан, ақын Адалбек Ахмади, айтыскер ақын Әбдіғани Бәзілхан сырды өнердегі ағалары мен достары қатысты. Ырысбек Дәбей, Ерғали Бақаш, Қанат Әбілқайыр, Бейбіт Сарыбай, Талапбек Тынысбекұлы, Бағашар Тұрсынбайұлы, Жақсылық Қазымұратұлы, Мейіржан Әуелханұлы сынды жастар кеш көркін асырды.

10867046_335084713363745_1875054774_n 10867165_335084703363746_242911850_n

21 желтоқсан күні Алматы қаласында өткен басқосу финалына шыққан екі қарсылас Бақыт Беделхан мен Шаймаранұлының інісі Оразбек Базарбайұлы болды. Бас жүлдені өлеңсүйерО.Базарбайұлы жеңіп алды.

Естеріңізге сала кетейік, биыл Мұрат Шаймаранұлы 45 жасқа толды. Атаулы шара ақынның осы белесіне арналып отыр.

Мейіржан Әуелхан

Қатысты Мақалалар