Бен Ладеннің көзін жойған солдат

/uploads/thumbnail/20170708161043460_small.jpeg

АҚШ-тың қылмыстық істерді тергеу агенттігі «көпшілік білуі тиісті емес мәліметтердің» тарап кетпеуін қадағалап, Робертті тексеруден өткізетіндіктерін мәлімдеген. Роберт О Нил өзін 2011 жылғы операция кезінде «Ал Каида» террористік ұйымының көсемін атып өлтіргенін мәлімдеген болатын.

   Роберт Бен Ладенді өлтіргені туралы Esquire журналына берген сұхбатында айтқан. Ол мерзімінен бұрын қызметінен босап, әлеуметтік төлемақылардан айырылуы себепті бұл ақпаратты жариялаған болатын. «Біз Бен Ладеннің бөлмесіне басып кірдік, қасымдағы серіктесімнің оғы мүлт кетті, мен екі мәрте бастан аттым дейді,»-дейді Роберт.

4113142-robert-oianil-chelovek-ubivshij-samogo- 9093962_5996963

Роберт О Нил Ауғанстан мен Иракты қосқанда 4 жерде әскери жөнелтілімде болған. 400-дей операцияға қатысса, жеке өзі 30 адамды мерт қылған. Қаза тапқандардың ішінде Усама Бен Ладен де бар.

АҚШ-тың барлау агенттіктерінің мәліметінше Усама өмірінің соңғы жылдары Абботабад қаласында екі әйелі және балаларымен бірге тұрған. Бірде-бір рет аула сыртына шықпаған. Усама Америкалық әскерилердің рейді барысында 2011 жылдың 2 мамырында өлтірілген болатын.

Қатысты Мақалалар