АҚШ пен Қытай құны $280 млрд. болатын келісімге келмек

/uploads/thumbnail/20171109104807751_small.jpg

АҚШ президенті Дональд Трамптың Қытайға жасаған іс-сапары барысында құны $280 миллиардты құрайтын келісімге қол қойылмақ. Бұл туралы qamshy.kz ақпарат агенттігі scmp.com мәліметіне сүйеніп хабарлайды.

Айта кетсек, америкалық және қытайлық компаниялар құны 9 млрд. доллар болатын келісімге келген болатын. Егер екі ел басшылары қомақты қаржыны құрайтын келісімге келер болса, Қытайдың Сыртқы істер министрі болжамының нақтыланғаны болмақ.

Айта кетсек,  АҚШ президенті Дональд Трамптың Қытайға жасайтын іс-сапарын Қытайдың Сыртқы істер министрі Хуа Чуньин «Тарихи жетістік» деп бағалап отырған болатын.

Қатысты Мақалалар