Қайрат Нұртас депутат болады

/uploads/thumbnail/20170708161306732_small.jpg

(сатира)

(Қазақстан эстрадасының жұлдызы Қайрат Нұртас Лада.kz тілшілеріне берген сұхбатында өзінің алдағы уақытта саясатқа кетуді жоспарлап жүргенін айтты.)

Міне осы ақпарат тарай салысымен айдаладағы аулды аяғынан тік тұрғызды. Әсіресе қосып айтпаса көңілі толмайтын тентек келіншектер қауымы бұл хабарды қолтықтап жұріп, көмейінен қоса жүріп, айядай ауылды алты айналдырды.

“Қайрат Нұртас депутат болады екен...”

Қыздар мен келіншектер арасында гу-гу өсек, біреуі болады, біреуі болмайды дейді.

Бүгін Пәленбай ақсақалдың жұпыны жанұясында, таңғы шәй үстінде, келіндері көзін тырнап ашып ұйқысынан тұрған бетте Қайраттың әңгімесі қайта қозғалды.

─ Өләәә, Қайрат Нұртас депутат болам депті ғой, – деп кіші келін ернін сылп еткізді.

─ Үйбай, болса болсын, әнмен биді қатырады ғой! – деп екінші келін емеурін танытты.

─ Құрсын, масқара ғой ол, Құдай-ау сол Қайратың әлаулайлым мен халаулайлымнан басқа не білуші еді ей, халықтың сөзін қалай сөйлейді?! ─ деп үлкен келін көзін алайтты.

─ Ән айтқан адам сөзде сөйлей алады ғой! – деп кенже келін қабағын шытты, – Болмаса фонограммамен айтар.

Манадан бері кемпірінің қасында қақшиып отырған Пәленбай ақсақал сөзге араласты.

─ Әй , сол жүгірмектерің қашан депутат болады екен.

─ Білмейміз, ата ! – деп, келіндері жарыса жауап берді.

─ Ммм, – деді Пәленбай қарт, – болса, тез болса екен. Қазіргі өтірік уәдені үйіп беріп құр сөзбен құйрығы тесілгенше отыратын мына шенділерден әбден жалықтық. Оданда мына балаң парламетте отырып ән салып көңілді көтереді ғой?!

Түгенбай кемпірде дәл осы арада шалын қостай сөйлеп саяси сауаттылғын көрсетті.

─ Әй, шал, дұрыс айтасың, онда депутаттыққа Заттыбек пен Ақылбекті де қоса сайлау керек. Қазіргілердің орысша ұранын тыңдап шаршаған халықтың Заттыбек үкімет отырысын «Ақмаржан» әнімен, Ал анау Ақылбек сенат отырысын «Қызыл өрік» әнімен бастаса ауылдың кемпір шалдары бір билеп, жырғап қалар еді, – деп кеңкілдей жөнелді.

Әлгінде ғана Қайратты айтып отырған келіншектеріне зығырданы қайнап отырған күйеулері қоса күлді. Бірақ Пәленбай шал күлген жоқ кемпірінің Заттыбекті айтқанынна ренжулі еді.

Жұмаділ Жарқынбек

Қатысты Мақалалар