Швециядағы Эскильстун қаласындағы мешітке белгісіз біреулер өрт қойған. Салдарынан 5 адам зардап шекті.
DW агенттігінің хабарлауынша оқиға бейсенбі, яғни рождествоның алғашқы күні орын алған. Оқиға куәгерлерінің айтуынша өрт шығар алдында мешіт терезесіне белгісіз заттың лақтырылғанын айтқан. Құлшылық үйі көп қабатты үйдің бірінші қабатында орналасқан. Өрттің себебінен тұрғындарды уақытша тұраққа ауыстыруға тура келген. Өрт шыққан сәтте 20 адам пәтерлерінде болған екен. Ауруханаға түскен адамдар түрлі дене жарақатын алғандар мен газ исінен уланғандар. Жергілікті полицейлердің мәліметінше зардап шеккендердің жағдайы қалыпты, өмірлеріне қауіп төніп тұрған жоқ. Құқық қорғау органдары зерттеу амалдарын жүргізгенімен күдіктіні анықтай алмай отыр.
Швециядағы Ислам одағының төрағасы Омар Мустафа SR радиосына берген сұхбатында жергілікті халықтың «мұсылмандармен қарым-қатынастары» қиын жағдайда тұрғанын айтты.



