Түрмесіз түрме

/uploads/thumbnail/20170708161314263_small.jpg

Жаңа ғана "қарабеттермен қалай күресу керек" деген жазба жариялап едім. Соны жасау үшін, алысқа барудың қажеті жоқ. Жаңа тарихымыздағы бір мысал айтайын. Жаңаөзен қырғынынан кейін әлдебіреулер оны ұмыттыру үшін "Атын Бекет-ата қоялық" деп жалпаңдағандар болды. Солардың біреуін жергілікті қазақ қарабет қылды. Алдынан келтірді. Шақырған тойына бармады. Сол отырған жерге қонаққа бармайтын болды деп естідім. Ақыры бұл деятельді Астанаға алып кетті. Адамды түрмесіз түрмеге түсіретін қоғамдық пікір деген осы. Біздер ерекше халықпыз ғой. Туысшылмыз, көпшілміз. Қонаққа баруды да, шақыруды да жақсы көреміз. Тойдан қалсақ, тойға шақырмаса ренжитін халықпыз. Қолда билік болмаса да қоғамдық қатынастарды осы арқылы реттеп отырғанбыз. Сөзден, ғайбат сөзден қорқатын, қашатын халықпыз. "Мына қарабетпен бір дастарханда отырмаймын" деген бір ғана сөз керек сияқты. Соған жеткілікті намыс қажет сияқты, ар керек сияқты. Әзірге осының өзі жеткілікті. Одан артылып жатсақ, тіпті жақсы. Тығырықтан шығаратын дәстүр дегеніміз осы шығар.

(Айдос Сарымның фейсбуктегі парақшасынан)

Қатысты Мақалалар