Қытай билігі халық арасында нәсрәнилік діннің таралып кетуінен қорқады. ҚХР дін істері жөніндегі басқарма бастығы Ван Цзоань христиан дінінің жайылып кету қауіптілігін жеткізді.
Шенеуніктің айтуынша Қытай халқы өзгелердің арандатушылығына ермей, христандық бағыттың қабылдануына қарсы шығуы қажет.
Ван Цзоаньның үндеуі Қытайдың кей провинциялары мен мемлекеттік компаниялары рождество мерекесін тойлағанына байланысты шығып отыр.
Университет басшылықтары студенттер мен оқытушыларға рождество мерекесін тойлауға тиым салды.
Қытайда ата-баба дәстүрін жаңғыртып,ескі наным-сенімдеріне қайта оралу қолға алынып жатыр.