Елбасы Мемлекет қаржысын жымқырғандарға аяушылық танытпайды

/uploads/thumbnail/20170708161317292_small.jpg

Елбасы Мемлекет қаржысын жымқырғандарға аяушылық танытпайды. Бармақ басты, көз қысты әрекеттердің орын алмауын ҰҚК, қаржы полициясына және прокуратура ұйымдарына қатаң қадағалайтын болды.

«Әрбір мемлекеттік қызметкердің министрден бастап, вице-президент,аймақ әкімдері, компания директорларының жұмыс күндері құрылыс нысандарының жай-күйін тексерумен басталуы қажет. Қаржының қалай жұмсалып, игеріліп жатқанын өз көзімен көріп, жемқорлық әрекеттердің орын алмауын қадағалауы қажет. Мемлекет қалтасынан шыққан қаржының талан-таражға салынбай жұмысқа жұмылдырылуын тексеру керек. Ұрлық үсті ұсталғандарды қатаң жазалауды тапсырамыз,»-деді Елбасы «Қазақстанның жаңа индустрияландыруы: 2014 жылдың қорытындысы мен 5 жылдықтың нәтижесі» атты телекөпірде.

Сондай-ақ басшылыққа инфраструктуралық жиналыс-кездесулерді «жылы кабинетте» емес құрылыс нысандарының басында өткізуді қадап айтты.

Жаңа технологияның көмегімен мен кабинетіме экран орнатамын. Онда тетікті басқанда әр облыстың ахуалын,құрылыс жұмыстарының қарқынын бақылап тұру үшін. Премьер-министрлерге де айтарым сол. Осындай қатаң қадағалаудың арқасында ғана жетістікке жетеміз. Инфраструктуралық нысандардың жобасы белгіленді, жағдай жасалды, қаржы бөлінді, енді аянбай еңбек ету ғана қалды,»-дейді Елбасы.

Қатысты Мақалалар